Тағайындау • 22 Қаңтар, 2023

Қызылорда облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы тағайындалды

545 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен кадрлық өзгерістерге байланысты актив отырысы өтті. Жиында облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы таныстырылды.

Қызылорда облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімдері бойынша облыс әкімінің өкіміне сәйкес, меритократия қағидатымен облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы лауазымына Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы тағайындалды.

Облыс әкімі жаңа басқарма басшысын құттықтап, оған алдағы уақытта атқарылуы тиіс маңызды міндеттерді тапсырды.

Алмасбек Есмаханов 1982 жылы туған. Қызылорда гуманитарлық университетін «Қаржы және несие», Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін «Заңтану» мамандықтары бойынша бітірген.  

Еңбек жолын 2006 жылы Қызылорда қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің маманы ретінде бастаған. 2006-2012 жылдары жергілікті атқарушы органдарда түрлі деңгейде жауапты қызметтерде болған.

2012-2022 жылдар аралығында Қызылорда қаласы Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі, облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру - инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің басшысы, Шиелі ауданы әкімінің орынбасары, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм, ішкі саясат бөлімдерінің басшысы қызметтерін атқарған.

2022 жылдың қыркүйек айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келеді.