Оқиға • 23 Қаңтар, 2023

Құлдыққа түскендер елге оралды

518 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дубайға жұмыс істейміз деп барған екі Қазақстан азаматы хабар-ошарсыз кеткені анықталды. Кейіннен олардың құлдыққа түскені туралы мәлімет тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құлдыққа түскендер елге оралды

Исламбек пен Жарас шетелге жұмысқа шақырғандардың арбауына түсіп, есірткі саудасымен айналысатындардың ортасына түсіп қалған.

Журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желіде олардың Қазақстанға оралғанын хабарлады.

«Сүйінші ағайын! Исламбек пен Жарас елге аман-есен келді. Аллаға сансыз шүкір. Ата-аналар бақытты, балалар аман», деп жазды ол Instagram желісінде. 

Бұған дейін Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан азаматтарының құлдыққа түсу дерегінің жиілігенін айтып, мәселе көтерген еді. Сол кезде Таиланд пен Вьетнамдағы елшіліктер бұл мәселені шешуді қолға алған.

 

Айтолған ЖҮНІСХАН,

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенті