ANTIKOR • 23 Қаңтар, 2023

«Алматы жылу желілерінің» бас директоры ұсталды

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алматы жылу желілері» кәсіпорнының бас директоры Қуаныш Бейсенбиновтің ұсталғаны туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Алматы жылу желілерінің» бас директоры ұсталды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі толық ақпарат кейін жарияланатынын хабарлады.

Бұған дейін БАҚ Қуаныш Бейсенбиновтің «Спецкоммун» жеткізуші ЖШС-нен патронаттық қызмет жасап, Алматыдағы жылу желілерін қайта жаңғырту бойынша мемлекеттік сатып алу бойынша атқарылған жұмыстардың актісіне қол қойғаны үшін 16 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінгенін хабарлаған еді.

Айта кетсек, Қуаныш Бейсенбинов 2018 жылы «Алматы жылу желілері» ЖШС басшысы болып тағайындалған.