Үкімет • 23 Қаңтар, 2023

Қазақстан-Мажарстан үкіметаралық комиссиясының отырысы өтеді

483 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2023 жылғы 26-27 қаңтарда Мажарстанның Будапешт қаласында Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Мажарстан үкіметаралық комиссиясының сегізінші отырысы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстан-Мажарстан үкіметаралық комиссиясының отырысы өтеді

Комиссияның қазақстандық бөлігінің тең төрағасы – ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, ал Мажарстан тарапынан – Мажарстанның Қаржы министрі Михай Варга.

«Комиссия отырысы шеңберінде Қазақстан-Мажарстан Іскерлік кеңесінің отырысын өткізу, бірқатар ведомствоаралық құжаттарға қол қою жоспарлануда, олардың ішінде Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Мажарстанның Мәдениет және инновациялар министрлігі арасында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласында кадрларды даярлау және оқыту жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылады», деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, тараптар Stipendium Hungaricum мажар стипендиялық бағдарламасы аясындағы ынтымақтастықты талқылайды. Осы бағдарлама шеңберінде мажар тарапы 250 грант бөледі (110 – бакалавриат, 90 – магистратура, 30 – бакалавриат + магистратура және 20 – докторантура гранттары).