Қаржы • 23 Қаңтар, 2023

Доллар бағамы қайта өсті

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

KASE Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 462,05 теңгені құрап, 0,55 теңгеге төмендегенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Доллар бағамы қайта өсті

Еуроның орташа өлшенген бағамы 503,65 теңгені құрады.

Қытай юані бойынша сауда-саттық өткізілген жоқ. Ресей рублі бойынша әлі аяқталған жоқ. Ұлттық банк юань бағамын 68,2 теңгеге, рубльді - 6,74 теңгеге белгіледі.

Айырбастау пункттерінде долларды 461-464,5 теңгеден, еуроны – 501-506 теңгеден, ресей рублін – 6,4-6,56 теңгеден сатып алады/сатады.

Сондай-ақ 23 қаңтардағы сауда-саттық кезінде әлемдік мұнай бағасы төмендеді.

Мәселен, ICE Futures-тегі Brent наурыз фьючерстерінің құны 0,34%-ға, барреліне 87,33 долларға дейін төмендеді.

NYMEX электронды сауда-саттығында WTI мұнай фьючерстері наурыз айында 0,34%-ға, барреліне 81,36 долларға дейін қымбаттады.