Қазақстан • 23 Қаңтар, 2023

Halyk Homebank мобильді қосымшасында жаңа сервис пайда болды

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қолдауымен Halyk Homebank мобильдік қосымшасында жаңа сервис пайда болды, енді заңды тұлғаның атауы, оның БСН (бизнес-сәйкестендіру нөмірі), мемлекеттік тіркеу орны мен күні, басшысы және құрылтайшыларының деректері мен еліміздегі филиалдар мен өкілдіктер туралы ақпараттарды мобильді қосымшадан  білуге болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Halyk Homebank мобильді қосымшасында жаңа сервис пайда болды

Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады. 

Бұл ақпарат сенімді серіктес немесе сенімді жұмыс берушіні іздеуде пайдалы. Жаңа қызметті пайдалану қарапайым және оңай. Halyk Homebank қосымшасында «Мемлекеттік қызметтер» бөліміне өтіп, «анықтамалар» бөлімін таңдау қажет. Ол бөлімде «Заңды тұлғалар туралы мәліметтер» батырмасы бойынша барлық қажетті деректер қолжетімді.