Қазақстан құрамасының екі өкілі құрмет тұғырының жоғарғы сатысына көтерілді. Әйелдер арасында 400 метрге жүгіруде 55,14 секундта жеңіске жеткен Элина Михинаға тең келер ешкім болмады. Әйелдер арасындағы биіктікке секіру жарыстарында барлық жүлдені Қазақстан атлеттері еншіледі: алтын медаль - Надежда Дубовицкая (1 м 93 см), күміс медаль - Кристина Овчинникова (1 м 89 см), қола жүлде - Елизавета Матвеева (1 м 89 см).
Ерлер арасында 400 метрге жүгіруде Андрей Соколов (46,74 сек) екінші орынды иеленді.
Сондай-ақ 60 метрге жүгіруде – Ольга Сафронова (7,30 сек), ал ұзындыққа секіруде - Анастасия Рыпакова (5 М 89 см) жеңімпаз деп жарияланды.