Сұхбат барасында тараптар Қазақстан-Эстония ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен болашағын, сондай-ақ Эстония делегациясының Қазақстанға алдағы сапарын талқылады.
Осы орайда қазақстандық дипломат сұхбаттасын Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалар мен инвестициялық ахуалды жақсарту шаралары туралы хабардар етті. Өз кезегінде К.Ляанеранд Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге және көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделілік танытты.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты сауда-экономикалық байланыстарды жандандыру мақсатында алдағы уақытта бірлескен іс-қимылдар туралы келісті.