Тағайындау • 24 Қаңтар, 2023

Кипрос Йоргаллис Кипрдің Қазақстандағы елшісі қызметін қоса атқарады

402 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылғы маусымнан бері Кипрдің Ресей Федерациясындағы елшісі болып келе жатқан Кипрос Йоргаллис Кипрдің Қазақстандағы елшісі қызметін қоса атқарады, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кипрос Йоргаллис Кипрдің Қазақстандағы елшісі қызметін қоса атқарады

Ол 1973 жылы 5 маусымда дүниеге келген. Афина экономикалық университетін, Сити университетін (Лондон) және Кипр университетін бітірген.

Дипломатиялық қызметін 2003 жылы Кипр Республикасы Сыртқы істер министрлігінің атташесі ретінде бастады. Кипр Сыртқы істер министрі кеңсесінің меңгерушісі, СІМ Протокол қызметі директорының орынбасары болды. ЕО, Ресей және Парсы шығанағы елдерімен екіжақты қатынастар департаментінде жұмыс істеді.

2015-2019 жылдары Кипрдің Грекиядағы елшісінің орынбасары қызметін атқарды. Орталық аппаратта Кипр СІМ Еуропа елдерімен және Таяу Шығыс, Парсы шығанағы және Субсахар Африкасымен екіжақты қатынастар департаменттерін басқарды.