ISNA агенттігінің хабарлауынша, оқиға туралы Систан-Белуджистан полиция басқармасының басшысы Мохаммад Канбери мәлімдеген.
Оның айтуынша, оқиға Бемпур ауданында болған. Белгісіз біреулер аумақты қадағалайтын әскерилерге шабуыл жасаған.
Қазір қылмыскерлерді ұстау шаралары жүргізіліп жатыр. Олардың жеке басы әлі анықталған жоқ.