Қазақстан Орталық Азиядағы Google for Startups жаһандық компаниясымен бірге акселератор жүргізетін алғашқы және жалғыз мемлекет мәртебесінде қала бермек. Silkway Accelerator бірлескен бағдарламасының өткен жылғы екі легінің тиімділігі мен өнімділігін ескере отырып, Google for Startups осы жылы Astana Hub-пен эксклюзивті серіктестігін жалғастыратын болады.

Еске салсақ, былтыр Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен Astana Hub Орталық Азиядағы Google for Startups бағдарламасының алғашқы серіктесі болды. Silkway Accelerator бірлескен бағдарламасының бірінші легі былтырғы шілдеде, екінші легі қыркүйек айында басталған болатын.
– Google for Startups-пен ынтымақтастықтың арқасында Орталық Азиядан, Әзербайжан және Моңғолиядан 25 үздік стартап жаһандық нарыққа шығып, акселератор кезінде қарқынды дамыды. Барлық компанияның ай сайынғы табысы орта есеппен екі есеге артты. Google for Startups-пен серіктестігіміз қисынды жалғасын тапты. Қазір бағдарламаға өтінімдер қабылдап жатырмыз. Биылғы жаңалық -– Google for Startups бағдарламасы Грузияны қосу арқылы бағдарламаның қамту аймағын кеңейтті. Енді осы елдің стартаптары да біздің акселераторға қатыса алады, – деді Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев.
Өткен жылы бағдарламаға 567 технологиялық жоба бойынша өтінім түскен. Олардың 30-ы іріктеуден сәтті өтіп, ал 25-і бағдарлама барысында табыстарын арттырып, жаңа нарықтарға шықты. Мысалы, Citix ақпараттық-навигациялық жүйесі Түркия мен Біріккен Араб Әмірліктерінің нарығына бағыт алды. Zypl.ai стартапының негізін қалаушылар екі жаңа нарықта сатылымдарын кеңейтіп, құнын 6 млн доллардан 10 млн долларға ұлғайтты. CTOgram жобасы 230 мың белсенді автокөлік иелері мен 2 мыңнан астам жөндеу шеберханасын қамтыды. Fibo.cloud компаниясы ай сайынғы кірісін 22 есеге, Metatesk білім беру платформасы 4 мың доллардан 18 мың долларға өсірді, ал Planet9 необанкінің сатылымы 0-ден 70 мың долларға артты. Zan.bar еуропалық нарыққа шығып, өз өнімін Ұлыбританиядағы 12 банкпен интеграциялады.
Silkway Accelerator-дың үшінші легі 2023 жылдың 20 наурызында басталады. Бұл жолы да оқу Астанада оффлайн форматта тегін өтеді және үш айға созылады. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Моңғолия, Тәжікстан, Түркіменстан және Грузия елдерінің Product/Market Fit, Scale кезеңіндегі IT-стартаптарынан өтінімдер 17 ақпанға дейін қабылданады. Қатысушылар Google-дың үздік сарапшылары, Astana Hub-тың тәжірибелі трекерлері мен менторларынан тәлім алып, шеберлік сабақтарына, сондай-ақ PR қолдауға ие болады. Үшінші лектің нәтижесіне орай Demo Day ұйымдастырылып, стартаптар жергілікті және шетелдік инвесторларға өз жобаларын таныстырады. Сонымен қатар Astana Hub қатысушыларға жабдықталған баспана мен жұмыс орнын ұсынады. Олар бизнес-процестерді дұрыс жүргізіп, тиімді серіктестік құруды, жоба ауқымын кеңейтіп, инвестиция тартуды үйренеді.
– Бастапқыда бұл жай ғана стартаптарға арналған кезекті қарапайым бағдарлама деп ойладым. Бірақ қазір оны ең жақсы бағдарлама деп санаймын. Біз белсендірек, бірақ сонымен бірге барынша ойласып әрекет ете бастадық. Дамуды жеделдететін жаңа бизнес қадамдар іздестірдік. Атап айтқанда, Америка, Канада және Аустралия нарықтарында белсенділігіміз артты, – деп әсерімен бөлісті Smoothly LTD бас директоры Ержан Асанов.
Оның ұйқыны жайлы ететін Smoothly мобильді қосымшасы «Денсаулық және фитнес» санаты бойынша Канада мен Аустралиядағы App Store-дың 100 үздік қолданбасының тізіміне еніп, 30 мыңнан аса жүктелген.
Google for Startups – 2011 жылы Google корпорациясы іске қосқан стартап бағдарламасы. Ол 125 елдегі 50-ден астам коворкинг пен акселератордан тұрады және технологиялық кәсіпкерлер үшін практикалық сабақтар ұсынады.
Ауыл • Бүгін, 23:47
Алматыда қоян-қолтық ұрыстан чемпионат өтті
Спорт • Бүгін, 23:47
Аймақтар • Бүгін, 23:41
Бизнес • Бүгін, 23:39
Экономика • Бүгін, 23:33
Пікір • Бүгін, 23:31
Оқиға • Бүгін, 23:26
Қоғам • Бүгін, 23:22
Аймақтар • Бүгін, 23:20
Аймақтар • Бүгін, 23:18
Қоғам • Бүгін, 23:16
Қоғам • Бүгін, 23:11
Қазақстан • Бүгін, 23:09
Білім • Бүгін, 23:06
Әскери борыш: Бейбіт күндегі берекесіздік
Қоғам • Бүгін, 23:00
Аймақтар • Бүгін, 22:52
Отандық стартаптың жаһандық қадамы
Технология • Бүгін, 22:46
ТіkTok және мұғалім әдістемесі
Білім • Бүгін, 22:45
Шектеулер шырмауындағы майнинг фермалар
Экономика • Бүгін, 22:42
Технология • Бүгін, 22:39
Жәдігер • Бүгін, 22:34
Актер. Әнші. Сазгер Болат Сыбанов туралы сөз
Театр • Бүгін, 22:30
Өнер • Бүгін, 22:26
Әдебиет • Бүгін, 22:20
Аймақтар • Бүгін, 22:18
Өнер • Бүгін, 22:12
Өнер • Бүгін, 22:09
Жәдігер • Бүгін, 22:06
Теннис • Бүгін, 22:00
Таразда синтетикалық есірткі сатушы ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 21:55
Юлия Путинцева WTA-250 турнирінің екінші айналымына өте алмады
Спорт • Бүгін, 21:46
Хоккейден Қазақстан құрамасы Эстонияны жеңді
Спорт • Бүгін, 21:30
«Есірткісіз қала»: Астанада такси жүргізушілері флешмоб өткізді
Елорда • Бүгін, 21:22
Спорт • Бүгін, 21:17
Спорт • Бүгін, 21:17
Каспий жағалауындағы өрт ошағын анықтау үшін тікұшақ жұмылдырылды
Аймақтар • Бүгін, 21:08
Алматы облысында су тасқынына қарсы шаралар жүргізілді
Аймақтар • Бүгін, 20:49
Ертең екі облыста тұман түседі
Ауа райы • Бүгін, 20:36
Қазақстанда Digital Justice қызметі іске қосылады
Қазақстан • Бүгін, 20:19
Жәутіков олимпиадасына әлемнің 25 елінен оқушылар келді
Қазақстан • Бүгін, 19:52
Ұқсас жаңалықтар