Өткен жылы Алматыға сапар барысында қалалық архивке бас сұқтым. Аталған мекеменің бас сарапшысы Ләйла Қасымқызы өзі бастап, шаң басқан сөрелерді аралатты. Қазақ руханиятына, ел мен жер тағдырына үлес қосқан асыл тұлғалардың көбінің жеке құжаттары сонда сақталыпты. Солардың ішінен көзіме оттай басылғаны Зағфи Тінәлинаның бір суреті һәм ол туралы мәліметтер болды.

Қапелімде «халық жауының» әйелі атанып, АЛЖИР лагеріне жер аударылған, өткен ғасырдың зұлмат жылдарында тауқыметті тағдыр кешкен Зағфи Тінәлинаның өмірі аядай бір мақалаға сыя қоймас. Ол 1911 жылы қазіргі Ақмола облысындағы Аршалы ауданының Бабатай ауылында дүниеге келген. Қазақ мектебі болмағандықтан бастауыш сыныпты татар (кейбір деректерде бастауыш сыныптық орыс мектебі) мектебінде оқыпты. Мектепті бітіргеннен соң, Қызылжардағы мұғалімдер даярлайтын техникумға оқуға түсіп, жалғасты білім алады. Сол кезде өзінен «Қазақ әдебиеті» пәнінен бақылау алған ақын Мағжан Жұмабаев екенін кейіннен біледі де, оған деген ыстық сезімін жүрегінде сақтап өтеді.
Зағфи Тінәлина өзі оқитын техникумның ағарту жұмыстарына белсене атсалысып, хорда қазақша ән орындайды. Аталған хор 1928 жылы Мәскеу қаласында өткен кеңес одағының бүкілодақтық орталық атқару комитеті сессиясында қатысушылар алдында өз өнерлерін көрсетіп, «Қазақстанның бірінші хоры» деген даңқты атқа ие болады. Осы сапарда Зағфи бастаған өнерлі қыздар Коммунистер партиясының қайраткері Надежда Крупскаямен кездеседі. Осы туралы Тінәлина өз естелігінде: «Сендер, Шығыс қыздарынан шыққан алғашқы қарлығаштарсыңдар. Кеңес өкіметі берген құқықтарыңды пайдаланыңдар. Оқыңдар, сендердің тағдырларың өз қолдарыңда. Сауатсыздықпен күресіңдер» деген сөздері менің мәңгі есімде» деп жазады. Жазғы каникул кездерінде техникум комсомолдары ауылдарға барып сауат ашу жұмыстарын жүргізеді. «1929 жылы құрбым Мархаба екеуміз Қарағандының жайлауында Қызыл отау тігіп, жалпы халықты сауат ашуға шақырдық. Бізге «келем» деп уәде бергендерімен ауыл атқа мінерлерінен қаймыққан жұрт бізге келе алмады. Не істеу керектігін білмей дал болған біздер, кешке киізүй сыртында отырып, халық әндерін, Сәкен Сейфуллиннің, Шолпан Иманбаеваның әндерін айттық. «Қазақстанның бірінші хоры» деген атағымыз болды ғой, біз әнді өте жақсы айтатынбыз. Жанымызға жастар жинала бастады, артынша ауыл адамдары да келді. Осылайша, біздің Қызыл отау жұмысы алға басты», дейді ол сол кездегі елдің мәдени өмірін сипаттай келе.
1934 жылы Зағфи Сәдуақасқызы сол кездері Қазақ баспасының бас редакторы болған азамат Абат Әлібаевқа тұрмысқа шығады. Үш жыл өткен соң, өткен ғасырды қызыл қанға бояған қуғын-сүргін басталады. Атышулы кезең қанатын қатайтып, енді ғана жаңа өмір бастаған Зағфи Тінәлинаны да айналып өтпейді. Жары «халық жауы» деп ұсталып, абақтыға қамалады. Өзі партия қатарынан және жұмыстан шеттетіледі. Онымен қоймай, 1938 жылдың 10 сәуірінде сотсыз және тергеусіз бас бостандығынан айырып, АЛЖИР лагеріне айдайды. Колонияда ол Бейімбет Майлиннің, Қайсар Тәштитовтің, Зәріп Темірбековтің әйелдерімен бірге қиын күндерді өткізеді. «Жығылғанға жұдырық» дегендей, үш жыл түрмеде отырып босатылған кезде Екінші дүниежүзілік соғыс басталады.
1937 жылдың ауыр зардабы мен «халық жауының» әйелі делінген жала оның соңынан бір елі қалмайды. Араға жиырма жыл салып, 1956 жылы 6 қазанда Түркістан әскери округі әскери трибуналының анықтауы бойынша Зағфи Тінәлина ақталады. 1957 жылдың 7 қыркүйегінде КСРО Жоғарғы сотының әскери коллегиясының анықтауы бойынша оның күйеуі Абат Әлібаев та ақталады.
Мейлі қандай азапты күндерді басынан өткізсе де, ол халық ағарту саласында үлкен істер тындырады. Оның бұл еңбектері жеке мұрағаттарында алтын әріптермен жазылғаны шындық. Қордағы құжаттарда Зағфи Сәдуақасқызының пионерлер, комсомолдар арасында болған, әртүрлі жиындарда сөйлеген сөздері, қазақ халқының бірегей тұлғалары Сәкен Сейфуллин және өзі сыйлаған, құрметтеген асыл ұстаздары туралы, Н.К.Крупскаяның қабылдауында болуы, АЛЖИР лагеріне кеткен әкесі Б.Тінәлин, жұбайы А.Әлібаев туралы естелік жазбалары, Ақмола облысының партия және комсомол ардагерлерінің естеліктері; Ақмоладағы комсомол, пионер ұйымдарының, әйелдер қозғалысының құрылуы туралы жазбалары оның саналы ғұмырының куәгері іспетті.
Бізді елең еткізгені Зағфи Тінәлинаның жеке қор құжаттарындағы Сәкен Сейфуллин туралы естелігі болды. 339 қордағы 27 беттен тұратын 5-істе Зағфи Сәдуақасқызы жинақтаған Сәкен Сейфуллин туралы жарық көрген мақалалар, 1988 жылы Целиноград қаласында ақынға арналып ашылған музейдің афишасы және аңыз адаммен кездесулері туралы естелігі топтастырылған. Ол осы естелігінде: «Мен Сәкен Сейфуллинмен бірнеше рет кездестім. Алғашқыда бала кезімде көрдім және қызмет барысында кездестім», деп жазады.
1934 жылы Зағфи Сәдуақасқызы Алматы қаласында Қазақ Өлкелік комсомол комитетінің бюро мүшесі және Балалар коммунистік ұйымы бюросының төрайымы қызметін атқарады. Осы кездері балалармен жұмыс істеу үшін әдістемелік нұсқаулықтар болмағандықтан, Қазақ Өлкелік партия комитетінің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі Ілияс Қабылов қазақтың ірілері Ілияс, Сәкен, Бейімбет ағалармен кездесу ұйымдастырады. Бұл кездесуге Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Әбділда Тәжібаев, Абат Әлібаевтар қатысқан екен. Кездесу барысында Зағфи Тінәлина балаларға арналған көркем әдебиет пен бала тәрбиесіне арналған нұсқаулықтар жоқ екендігін айтады. «Жас маманға бірінші болып қолдау көрсеткен де, балалар үшін жазатын жазушылар керектігін және балалар әдебиеті бөлімін ашу туралы ұсыныс жасаған да Сәкен аға», деп жазады Зағфи Тінәлина.
Бұл қолжазба естелікте 1967 жылы Целиноград қаласындағы М.Горкий атындағы драма театрында қойылған Сәбит Мұқанов жазған «Сәкен Сейфуллин» пьесасы туралы мәліметтер берілген. Басты рөлді – Г.Пономаренко, Сәкеннің анасы Жамалдың рөлін – А.Боженко сомдапты. Спектакльге С.Сейфуллиннің жары Гүлбахрам да қатысыпты.
Ұлтымыз тарихындағы мәдени орталықтардың алғашқы қарлығаштарының бірі де бірегейі, АЛЖИР тұтқыны Зағфи Тінәлина туралы ел ішінде әлі де толып жатқан деректер болуы бек мүмкін. Ал оның өмірге, болашаққа тіке қарап тұрған осы бір суреті кешегі қазақ қыздарының қандай қиындық көрсе де, ешкімге илікпей, бас ұрмай, тік жүргенін бейнелейді.
Жалғас – бастауыш сынып мұғалімі
Білім • Бүгін, 21:18
Саперлер кәсіби шеберлігін жетілдірді
Қоғам • Бүгін, 21:13
Қоғам • Бүгін, 21:10
Қоғам • Бүгін, 21:08
Қоғам • Бүгін, 21:00
Өнер • Бүгін, 20:59
Руханият • Бүгін, 20:55
Әннің түпнұсқа аты – «Қаракөз»
Тарих • Бүгін, 20:51
Өнер • Бүгін, 20:48
Өнер • Бүгін, 20:46
Кино • Бүгін, 20:44
Өнер • Бүгін, 20:42
Спорт • Бүгін, 20:38
Экотуризмге – айрықша көзқарас
Туризм • Бүгін, 20:36
Қысқы спорт • Бүгін, 20:34
Түсімнің көзі – туристік жарна
Туризм • Бүгін, 20:31
Бокс • Бүгін, 20:27
Рыбакина тағы да шеберлігін мойындатты
Теннис • Бүгін, 20:24
Бүйректегі тасты алудың жаңа тәсілі
Медицина • Бүгін, 20:20
Жәдігер • Бүгін, 20:14
Балғын қаламгерлер бағалы сыйлық алды
Аймақтар • Бүгін, 20:13
Теннис • Бүгін, 20:11
Спорт • Бүгін, 20:08
Хоккей • Бүгін, 20:07
Екібастұздағы ЖЭО-да сегіз қазандық жаңғыртылады
Аймақтар • Бүгін, 19:28
Бірқатар өңірде тұман түсуіне байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 19:03
Новак Джокович Аустралия Ашық чемпионатының жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 18:44
Әлібек Қуантыров Мажарстанда қазақстандық студенттермен кездесті
Экономика • Бүгін, 18:23
Астанада қандай кәсіпорындар ашылады
Елорда • Бүгін, 17:16
Димаш Құдайберген Үндістандағы кинофестивальге қатысты
Қоғам • Бүгін, 14:07
Аймақтар • Бүгін, 13:18
Павлодарға жаңа қоғамдық көліктер жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 12:52
Хоккей: Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы ірі есеппен жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 12:10
«Астана» өз алаңында «Енисейден» жеңілді
Спорт • Бүгін, 11:53
Шымбұлақтағы рестобардан өрт шықты
Аймақтар • Бүгін, 11:05
Қазақстанда коронавирус жұқтыру деңгейі азайды
Коронавирус • Бүгін, 10:40
Елімізде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады
Ауа райы • Бүгін, 09:37
Риддер тұрғыны 2 жасар баласын балконнан құлатып алды
Аймақтар • Кеше
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар