Әр халықтың басты құндылықтарының ішінде дін, дәстүр, тіл бар. Әсіресе тіл мәселесі өте өзекті. Өйткені ол – ұлттың болашағы, тағдыры. Тілі жоқ халықты дербес, жеке ұлт деп әсте айта алмаймыз. Сондықтан қазақтың жер дауы, жесір дауына тіл дауын да қоссақ, артықтық этпес.

Басқа-басқа, тіл мәселесі – қазақтың ең жанды жері. Жетпіс жыл бодандықта болған халқымыз рухани құндылығынан айырылып қала жаздағанын бәріміз білеміз. Әсіресе алдыңғы толқын ағалар рухани экспансииның зардабын тартудайын тартты. Енді қазақи болмысымызды түгендейтін уақыт жеткенде неге осындай мүмкіндікті ұлттық мүддемізге асыра пайдаланбаймыз?
Өз тілін қорғаштаудың ешқандай сөкеттігі болмаса керек. Осы тұрғыдан келгенде бізді жабырқататын, көңілді құлазытатын жайт – теледидарда отандық арналардың балаларға арналғанмультдерді қазақ тілінде көрсетпеуі. Мұны әр демалыс сайын отандық арна көретін қауым жиі байқайды. Қолымызға қалам алып реніш білдіруіміздің басты себі де – осы.
Балалар аптаның бес күнінде сабақта, балабақшада болады. Оқудан бой сергітуге, демалуға қолдары тимей жататыны рас. Сондай кезде аптаның аяғын күтеміз. Тілі былдырлап шығып келе жатқан кішкентайлардың ана тілінде мультфильм көріп, эстетикалық тәрбие алып, қазақша сөздік қорының молайғанын қалаймыз. Осы ниетпен бала-шағамыз мультфильм тамашаласын десек, сенбі, жексенбіде «Казахстан» мен «Балапан»-нан басқа бірде-бір арна балдырғандарға арнап қазақша хабар таратпайды. Мүмкін 50/50 қағидасын сақтап, демалыстың екінші күні немесе түстен кейін көрсететін шығар деп талай күттік. Соңында үмітіміз үзілип, сенімнен мүлдем айырылдық.
Мемлекеттік тұрғыдан сөйлейтін «Хабар» арнасының өзі балалар бағдарламасын тек орысша береді. Бұл жерде мультипликационноқ фильмді айтып отырмыз. Осы жағдай көңілге қаяу түсіреді, тіпті ашу туғызады. Сұрақ көп. Мәселен, негемультдер қазақ тілінде таратылмайды? Әсіресе НТК арнасына тағар сын көп. Осы күнге дейін НТК-нің балалар киносы мен мультфильмін қазақ тілінде көрсеткенін көрген емеспіз. Есесіне түн жарымнан бастап көңіл көтеретін қазақша хабарларды таңға дейін береді. Бұл қай мазағы?!
Балаларға салынған инвестицияның міндетті түрде қайтарымы болады. Сондықтан да ұрпақтың бойына біліммен бірге тәрбиені де, ұлттық құндылықты да сіңіруіміз қажет. Осы жағынан келгенде ұтқаннан ұтылып жатқан тұсымыз көп сияқты. Әлемдік мультфильмдерді дубляждауға миллиондаған қаржы жұмсалады. Арнайы жоспар құрылып, бағдарламасы бекітіледі. Сөйте отырып, қазақша тәржімалаған балалар дүниесін оларға көрсетпесек, сөреде шаң басып жатса, одан қандай пайда бар?! Көрші Өзбекстанда екі ай тұрып келіңізші. Балаңыз екі айда өзбекше сайрап шығады. Өйткені онда тіл мәселесіне, өскелең ұрпақтың тәрбиесіне өте қатты мән береді.
Қазір біз цифрлы дәуірде өмір сүріп жатырмыз. Мақұл деп телефоннан-ақ қазақша мультфильмді қойып бере салуға да болар еді. Бірақ өз еліңде тұрып ана тіліңде рухани құндылықтарға қол жеткізе алмағаныңа ішің удай ашиды. Қазіргі жас буын ненің жақсы, ненің сапасыз екенін бірден ажыратады. Сондықтан сюжеті мықты, түсі қанық, образдары керемет, жалықтырмайтын, үлкендердің өзін елітіп әкететін заманауи шетелдің мультфильмдерін көргісі келеді. Ал отандық арналар олардың барлығын қазақ тілінде таратпаса, не істейді? Амалсыз шетелдік туындыларды тамашалауға мәжбүр болады. Арна басшылығы қазақ тілінде дубляждалған мультфильм, кинолар аз деп уәж айтуы мүмкін. Қазірге дейін қазақшаланған дүниелерді-ақ берсе де соның өзі жеткілікті. Жарнамадан, ақпараттардан батыстың балаларға арналған телевизиялық небір керемет өнімдері дубляждалғаны туралы естиміз. Алайда нақты іске келгенде бірде-біреуін телеарналардан әр демалыс сайын беріп жатқанын байқамаппыз. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде осындай олқылықтар орын алып отырғаны өкінішті. Оның әсері қазір білінбес, арада бір ұрпақ алмасқан кезде анық сезіледі.
Ақыры телеарналар туралы сөз қозғадық. Ендеше, «Balapan» арнасы жайында да айта кетсек. Сөз жоқ, бұл арна он жылдан бері балдырғандарға қазақша хабарлар таратып, түрлі қызықты бағдарлама жасауда үлкен жұмыс атқарып келеді. Дей тұрғанмен, кейде бір мультфильмді немесе кинохикаяны қайта-қайта айналдыра беретіндіктен үлкендер тұрмақ балалардың өзі жалығып кетеді. Мойындау керек, теледидары интернетке, ақылы арналарға қосылған үйлерде бала-шаға отандық емес, адамды көруден еш жалықтырмайтын «Nickelodeon» секілді әлемдік мультипликациялық арналарды тамашалайды. Сондықтан «Balapan» да контентті өзіне қарату жағынан ұтымды жоспарлар ойластырған дұрыс. Немесе әлгі аталған балалар арнасын жүз пайыз қазақшалау керек. Яғни қазақша өнімді ұсынуда балаларда таңдау көп болу керек. Сонда ортада әділ бәсекелестік дамып, отандық мультипликаторлар да сапалы, қызықты өнімдер жасауға, қиялына қанат бітіруге ұмтылады.
Әлбетте, отандық балалар анимациясымен айналысатын ұйымдар, арналар да коммерциялық мекеме болғандықтан талап пен ұсыныстан тұратын нарық заңдылығына бағынатыны сөзсіз. Алайда қазақтың болмысы, жаны, өткені мен келешегі – тілі ешқандай қағидаға бағынбайды. заңдар мен ережелерді сол рухани құндылығымызға иіп әкелуіміз керек. Ендеше, тиісті мемлекеттік органдар балалар хабарын жергілікті арналарда тарату мәселесін ұлттық мүдде тұрғысынан қайта қарап көрер деген сенімдеміз.
ШЫМКЕНТ
Үкіметте автожол желісі мен көлік инфрақұрылымын дамыту шарасы қаралды
Үкімет • Бүгін, 17:55
Елорда тұрғындары өткен жылы 17 млрд теңгеге тегін дәрі-дәрмек алды
Қаржы • Бүгін, 17:32
Риддердегі вокзалда 2 вагон аударылып қалды
Оқиға • Бүгін, 16:38
Петропавл-Алматы бағытындағы пойызда өрт шықты
Аймақтар • Бүгін, 15:45
Алматыда жаңа автобус бағыты пайда болады
Аймақтар • Бүгін, 15:25
Ақтөбеде 28 жастағы ер адам зейнеткерді тонап кетті
Аймақтар • Бүгін, 14:40
Түркістан облысында 300-ден астам трамадол дәрісін сатқан дәрігер ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 13:50
Үкіметте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
Үкімет • Бүгін, 13:25
Елімізде ұстаздар мерекесінің күні өзгеруі мүмкін
Қоғам • Бүгін, 12:40
Жеңіс Қасымбек Үркер елді мекенінің тұрғындарымен кездесті
Елорда • Бүгін, 11:55
Ақмола облысында 10 күнде 510 көлік заңдастырылды
Аймақтар • Бүгін, 11:34
4 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:50
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 10:38
Коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 09:25
Субсидиялардың 10-ға жуық кіші түрі жойылады - АШМ
Қазақстан • Бүгін, 00:00
Елордада «Open Day» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Кеше
Қазақстан мен Өзбекстан сауда-саттық көлемін ұлғайтады
Үкімет • Кеше
ЕАЭО аумағына бірыңғай валюта енгізіле ме?
Қаржы • Кеше
Жетісу облысының сот ғимараттары миналанғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мен Словакия экономикалық байланысты кеңейтуге мүдделі
Экономика • Кеше
Елордада онкологиядан болатын өлім-жітім көрсеткіші азайды
Медицина • Кеше
Астанада «Вaitursynuly.kz» сайтының тұсаукесері өтті
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Махамбет Әбжан 9 жылға бас бостандығынан айырылды
Оқиға • Кеше
Таразда төрт жасар баланы тоқ соқты
Қоғам • Кеше
Дархан Қыдырәлі Түркі академиясының президентімен кездесті
Қазақстан • Кеше
Саясат Нұрбек «Digital Almaty 2023» форумына қатысты
Қазақстан • Кеше
Таразда халықаралық деңгейдегі Аквапарк іске қосылады
Аймақтар • Кеше
Президент қолөнершілер көрмесін аралады
Президент • Кеше
Бас редакторлар клубының басшылық құрамы сайланды
Қазақстан • Кеше
Биыл 149 инвестициялық жоба жүзеге асырылады
Қазақстан • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Сарыкемер ауылындағы жаңа емханаға барды
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы Қостөбе ауылы тұрғынының үйіне барды
Президент • Кеше
BALQASH ALABUǴASY монеталары айналымға енді
Қаржы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар