
10 ақпанда Парламентаралық форумның отырысы өтеді. Мұнда Орталық Азия елдерінің жан-жақты стратегиялық ынтымақтастығын нығайту мәселелері және осы үдерістегі парламенттердің рөлі, сондай-ақ парламентшілердің ортақ тарихи-мәдени мұраға негізделген мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын кеңейтудегі рөлі талқыланады.