Аймақтар • 25 Қаңтар, 2023

Таразда жаңа туған сәбиді 1,5 млн теңгеге сатпақ болған

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жүргізілген тергеу амалдары барысында Тараз қаласының 39 жастағы тұрғыны жаңа туған қызды акушерлерден 1,5 миллион теңгеге сатып алғаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жсап

Таразда жаңа туған сәбиді 1,5 млн теңгеге сатпақ болған

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 135-бабы 1-бөлігімен (Кәмелетке толмағандар саудасы) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жамбыл облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Тараз қалалық көпбейінді ауруханасының екі акушерін анықтап, ұстады.

«Тергеу шаралары барысында жаңа туған қызды акушер мамандар 39 жастағы Тараз тұрғынына 1,5 млн теңгеге сатып жібергені белгілі болды. ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес аталған әйелдер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ал баланы сатып алушыға қатысты қолхатпен босату түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды», делінген хабарламада.

Нәресте Тараз қаласының сәбилер үйіне орналастырылды. Тергеу жалғасып жатыр.