Сайлау • 26 Қаңтар, 2023

Депутаттар тіркелді

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Орталық сайлау комиссиясы Парламент Сенатының депутаттарын тіркеуге қатысты кезекті отырысты ұйымдастырды.

Депутаттар тіркелді

Нұрлан Әбдіровтің төраға­лы­ғымен өткен жиынға облыс­тар, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары мен мүшелері (бейнеконференцбайланыс режімінде), бұқаралық ақпарат құралдарының өкіл­дері, сондай-ақ Парламент Сенаты­ның жаңадан сайланған және тағайын­далған депутаттары қатысты.

Естеріңізге салсақ, 2022 жыл­ғы маусымда өткен референ­дум нә­тижелері бойынша Конс­титуцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес Парламент Сенатының он депутатын, оның ішінде бесеуін Қазақстан халқы Ассамблеясы­ның ұсынысы бойынша республика Президенті тағайындады.

Бұл конституциялық норма тәжірибеде алғаш рет іске асырылды. «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутат­тарының мәр­тебесі туралы» Конс­титу­циялық заңның 24-бабының 1-тармағына сәйкес және Президенттің 2023 жылғы 24 қаңтардағы №112, 113 Жарлықтары негізінде Орталық сайлау комиссиясы келесі депутаттарды тіркеді: Жақып Қаж­манұлы Асанов, Мәулен Сағат­ханұлы Әшімбаев, Нұртөре Бай­ті­лесұлы Жүсіп, Ләззат Мол­да­бекқызы Қалтаева, Асқар Оразалыұлы Шәкіров, Евгений Андреевич Больгерт, Закиржан Пир­мухамедович Кузиев, Нурия Ис­магиловна Ниязова, Алишер Гапир­жанович Сатвалдиев, Ген­надий Геннадиевич Шиповских.

Орталық сайлау комиссия­сының төрағасы Нұрлан Әбдіров «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутат­тарының мәртебесі туралы» Конс­титуциялық заңның 24-бабына сәйкес, Парламент депутатының өкілеттігі Орталық сайлау комиссиясы оны тіркеген кезден басталатынын атап өтті. Тиісті қаулыларға қол қойылғаннан кейін тіркелген депутаттарға куәліктер мен төсбелгілер табыс­талды.