«Қайран, Секем… Жасаған берген жаратылысы бөлек Сейіл Аяған, аға дос, сіз де көштіңіз бе мына бейопа жалғаннан. Жаратқан иеміз көрмеген көшеңізден жарылқасын. Өзі мың құбылып тұрған мына дүниеге сіздің ғажайып әніңіз сәуле шашып тұр еді. Амал жоқ… Сейіл кетті дегенше, пейіл кетті десеңші…», делінген жазбада.
Сейіл Аяған Қарағанды облысы, Шет ауданы, Қызылтау совхозында дүниеге келген. «Жас қалам», «Қоштасу», «Таң самалы» және тағы басқа әндердің орындаушысы.