Кітап Қазақстанның консулдық қызметі қалай қалыптасқанын баяндайды. Басылымда консулдық қызметтің негізін қалап, дамуына зор үлес қосқан дипломатиялық қызмет ардагерлерінің, елшілер мен дипломаттардың тарихи очерктері, әңгімелері мен фактілері жинақталған.
Кітаптың тұсаукесер рәсіміне ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тұмыш, дипломатиялық қызмет ардагері Бағдат Сейтбатталов, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, сондай-ақ сыртқы саясат ведомствосының ұжымдары қатысты.
Іс-шараға шақырылған қонақтар кітапта сипатталған консулдық қызмет өкілдерінің күнделікті жұмысында кездесетін әртүрлі оқиғалар мен өмірлік жағдайларына, соның ішінде жаһандық пандемия кезіндегі, жанжал ошақтарындағы және шетелде басқа да түрлі жағдайлардағы қызметіне үлкен қызығушылық танытты.
Тұсаукесерден кейін автограф-сессия өткізіліп, қонақтарға кітаптар таратылды.
Гүлшахра САНСЫЗБАЙ