Қазақстан • 26 Қаңтар, 2023

«Самұрық-Қазына» топ-менеджерлері жаңарды

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз брифингінде қордың басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Самұрық-Қазына» топ-менеджерлері жаңарды

Оның хабарлауынша, 2022 жылы «ҚазМұнайГаз», «QazaqGaz», «Қазатомөнеркәсіп», «Самұрық-Энерго», «Қазпошта», Qazaq Air, «Тау-Кен Самұрық», «Самұрық-Қазына Өндеу» компанияларының басшылары ауысты.

Менеджер ауқымды өзгерістер «Самұрық-Қазына» басындағы қордан басталғанын айтып өтті.

Жыл басында топ-менеджерлер саны екі есе қысқарып, бес басқарушы директордың үшеуі жаңарды. Бүгінгі таңда үш басқарушы директор - Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.