2023 жылғы 10-12 ақпан аралығында Қазақстан астанасында жабық алаң ішінде жеңіл атлетикадан 10-шы Азия чемпионаты өтеді. Ауқымды іс-шараға 500-ден астам спортшы қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Чемпионат «Qazaqstan» жеңілатлетикалық спорт кешенінде өтеді.
Айта кетейік, жабық алаң ішінде жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты ТМД елдерінің аумағында алғаш рет өткізіліп отыр. Жарысқа 30-дан астам елдің спортшылары қатысады деп күтіледі. Бұл спортшылар жеңіл атлетиканың 26 түрінен өнер көрсетеді, олардың арасында жүгіру, лақтыру, секіру және көпсайыс бар.
Жарыс бағдарламасы:
Әйелдер:
- Жүгіру - 60 м;
- Жүгіру - 400 м;
- Жүгіру - 800 м;
- Жүгіру - 1500 м;
- Жүгіру - 3000 м;
- Кедергілермен жүгіру - 60;
- Ұзындыққа секіру;
- Биіктікке секіру;
- Үш секіру;
- Сырықпен секіру;
- Ядроны итеру;
- Эстафета - 4x400 м;
- Бессайыс.
Ерлер
- Жүгіру - 60 м;
- Жүгіру - 400 м;
- Жүгіру - 800 м;
- Жүгіру - 1500 м;
- Жүгіру - 3000 м;
- Кедергілермен жүгіру - 60;
- Ұзындыққа секіру;
- Биіктікке секіру;
- Үш секіру;
- Сырықпен секіру;
- Гептатлон;
- Эстафета - 4x400 м;
- Ядроны итеру.
Айта кетсек, жарыстың ашылу салтанатына Азия жеңіл атлетика қауымдастығының президенті – Дахлан Әл-Хамад, Қазақстан Республикасы жеңіл атлетика федерациясының президенті – Даниал Ахметов, Азия жеңіл атлетика қауымдастығы кеңесінің мүшелері, Азия елдерінің ұлттық федерацияларының басшылары, сондай-ақ еңбек сіңірген спортшылар мен қазақстандық спорт қайраткерлері қатысады.
Алда атқаратын жұмыс көп - Мемлекет басшысы
Президент • Бүгін, 11:46
Президент: Сайлау – ауқымды өзгерістердің лайықты жалғасы
Президент • Бүгін, 11:34
Президент Наурыз мерекесімен құттықтады
Президент • Бүгін, 11:30
Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласымен жекпе-жек өткізетін күні белгілі болды
Спорт • Бүгін, 10:48
ІІМ қызметкері тікұшақты сүйреп, рекорд орнатты
Қоғам • Бүгін, 10:24
Дархан Қыдырәлі қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады
Қоғам • Бүгін, 10:02
Ұқсас жаңалықтар