Әлем • 26 Қаңтар, 2023

Тәулік бірнеше секундқа қысқаруы мүмкін

399 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Соңғы жылдары болған зілза­лалар мен жер сілкінісіндегі құ­былыстарды зерттеген қытай­лық ғалымдар біздің ғаламшардың ядро­сы айналу барысында өз осі­нен ауытқып бара жатқанын байқаған.

Тәулік бірнеше секундқа қысқаруы мүмкін

Зерттеушілер жер ядро­сы осіндегі айналу қозға­лысының өзгерісі бір жыл­дағы күндердің бәрін қос­қанда бір­неше секундқа қыс­қаратынын айтып отыр. Бұл туралы дәйектер «Нит­шер Гео­сайнс» ғылыми журналында жа­рияланған.

Ал «Уол стрит жорнал» газетінде келтірілген деректерге сүйенсек ғалым­дар бұл құбылыстың жердің маг­ниттік тартылу өрісіне де әсері барын жасырмайды.

Өз кезегінде Бейжің уни­версите­тіндегі зілзалалар ғы­лымының зерттеу­шісі Шия­дуң Суң теориялық тұрғы­да бұл баяғыдан жалғасып келе жат­қан үдеріс екенін, алайда соңғы зерт­теудің оның таяуда басталғанын айғақтай­тынын мәлімдеді.

Сондай-ақ Суң ядро осін­дегі айналу қозғалысының өзгеруіне магниттік тарты­лыс­тың әсер еткенін, ал маг­ниттік өрістің құбылуына жер қыртысындағы сұйық­тық қабат себепші бол­ға­нын алға тартады. Осы­лай­ша, ғаламшардың ядро­сының айналуын бақы­лау ғалым­дарға жер қыртыста­рының бір-бірімен қалай әре­кеттесетінін зерттеуге мүм­кіндік туғы­зып отыр.

Бұдан бөлек ғалымдар алпысыншы жылдардағы және қазіргі зілзалаларды зерт­тей келе, ядроның айналуы 2009-2020 жылдар аралығында тоқтап қалған деген тұжырымға келген. Тіпті ол теріс қарай айнала бастады деген де болжамдар жасаған.

Ал батыстық ғалым Джон Фидалдың және өзге де зерттеушілердің мә­лім­­деуінше, жердің ядро­сы 2001-2003 жылдар ара­лығында айналуын тоқтат­қан. Сонымен қатар олар қы­тайлық ғалымдардың зерттеуімен келіскенімен кей­­бір мәселелерде басқа пікір­ді ұста­нады. Мәселен, жердің ядросы жоға­рыда ай­тылғандай ешқашан теріс ай­налмайды, тек айналу қоз­ғалысында шамалы өзге­рістер болуы мүмкін.

Айта кету керек, ғалам­шардың ор­тасындағы нүкте-ядросы темір мен ни­кельден тұрады. Оны жердің қатты қыртыстарынан сұйықтық қабаты бөліп тұр. Сондай-ақ ядроның осындай құрылымы оның жер осінен дербес өз­дігінше айнала беруге мүм­кіндік береді.

 

ШЫМКЕНТ