Жалпы, облыста тұрғындарды тұмауға қарсы вакцинамен иммундау жұмыстары өз мәресіне жетті. Жергілікті бюджет есебінен 92 913 адамды вакциналау жоспарланып, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың 24,8 пайызы, ересектердің 75,1 пайызы қамтылған. Осылайша, өңір халқының 13,7 пайызы иммундаудан өтті. Десе де өңірде зертханалық расталған тұмау жұқпасының 331 жағдайы, былтырғы эпидемиялық кезеңдегі тұмаудың 20 жағдайы тіркеліп отыр.«Тұмауға қарсы ақысыз иммундаумен ұйымдасқан жабық мекемелердің контингенті жиі ауыратын иммунитеті төмен балалар мен созылмалы аурулары бар ересек адамдар медициналық қызметкерлер мен екінші, үшінші триместрдегі жүкті әйелдер қамтылды», дейді А.Сәкенұлы.
Мамандардың айтуынша, тұмауға қарсы арнайы иммундаудан басқа тұмау және жіті респираторлық вирустық жұқпаның жоғарылау кезеңінде алдын алу шараларын да естен шығармаған абзал. Қазіргі уақытта сырқатты жедел және жоспарлы түрде алдын алу үшін дәрілік заттардың түрлері кеңінен таралған. Сондықтан дәрігерлермен кеңесіп, ауырмаудың амалын іздеген дұрыс.
Тұмаудың алдын алудың ең қолайлы, қолжетімді түрі – тыныс алу жолдарын қорғау үшін қолданылатын маска. Осы кезеңде жіті респираторлық вирустық жұқпаның және тұмаудың алдын алу үшін мүмкіндігінше халық тығыз орналасқан жерлерге бармау қажет. Әсіресе балалар үшін жұқпа көзі мүмкін болатын қарым-қатынасты шектеген абзал.
Жалпы, өңірдегі КВИ бойынша эпидемиялық ахуал тұрақты. 2022 жылдың 8 маусымынан бері 2 731 жағдай тіркелген. Эпидемиялық жағдайды бағалау матрицасында облыс – «жасыл аймақта».
«Тұмаудың алдын алуда жеке бас гигиенасын сақтаудың да пайдасы мол. Қолды сабынмен жиі жуу қажет. Түшкірген және жөтелген кезде ауызды немесе мұрынды бет орамалмен жабу керек. Барлық мүмкіндікті мүлт жібермей уақытында емханаға қаралып, жұқпалы аурулардың алдын алғаныңыз жөн. Емделгеннен гөрі алдын алу анағұрлым жеңілірек екенін естен шығармаңыз!», деп ескертті А.Сәкенұлы.
Жетісу облысы