16 Маусым, 2014

Қызылорда облысы Арал ауданына жаңа әкім бекітілді

517 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
aral03АСТАНА. 16 маусым. Қызылорда облысы әкімі Қырымбек Көшербаевтың өкімімен  Абзал Мұхимов Арал ауданының әкімі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. Абзал Сансызбайұлы Мұхимов Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін филология және экономист-менеджер мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 1994 жылы қалалық, облыстық телеарналардың тілшісі ретінде бастаған Абзал Мұхимов 2001-2005 жылдары «Облыс әкімі жанындағы жастарды қолдау облыстық орталығы» мемлекеттік кәсіпорнының директоры, Сырдария ауданының Н. Ілиясов атындағы ауылдық округінің әкімі, Сырдария аудандық мәдениет бөлімінің бастығы, 2005-2010 жылдары Қызылорда облысы әкімінің аппаратында бас маман, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, 2010-2013 жылдары Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде және Экономикалық даму және сауда министрлігінде департамент директоры, Премьер-Министрі кеңсесінің ұйымдастыру жұмысы және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы, Қызылорда облысының білім басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. 2013 жылдан осы тағайындауға дейін «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары қызметін атқарып келді. Жолдыбай Базар. Дереккөз: «ҚазАқпарат». Фото: «ҚазАқпарат».