Жуырда ғана Солтүстік Қазақстан облысынан сайланған 45 жастағы Сенат депутаты Гүлмира Кәрімова кенеттен қайтыс болды. Ақпаратты Сенаттың баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

13 қаңтарда Гүлмира Кәрімова СҚО-дан Сенат депутаты болып сайланған. Оған 144 адам дауыс берген еді.
Гүлмира Кәрімова 1998 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.
2008 жылы Көкшетау университетінде қаржы бакалаврының дипломын алған.
Еңбек жолын 1998 жылы Петропавл қалалық классикалық гимназиясында бастауыш сынып мұғалімі болып бастады. Түрлі жылдары қала мектептерінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеді.
2010-2013 жылдары – №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің директоры;
2013-2017 жылдары – қалалық білім бөлімінің басшысы;
2021 жылдың қыркүйегінен бастап Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы болды.
«Болашақ» стипендиясына өтінім қабылдау басталады
Білім • Кеше
Ақмола облысында жасөспірім суға батып кетті
Аймақтар • Кеше
Астананың Сарыарқа ауданында жаңартылған аулалар ашылды
Елорда • Кеше
Ұқсас жаңалықтар