Қоғам • 27 Қаңтар, 2023

Талдықорғанда 300 млн теңге жымқырған шенеунік сотталды

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облыстық сотында «Талдықорған құрылыс бөлімі» ММ бұрынғы бастығына қатысты сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Талдықорғанда 300 млн теңге жымқырған шенеунік сотталды

Облыс прокуратурасының хабарламасында атап өтілгендей, 2021 жылы Талдықорған қалалық сотының «МК-Buid-D» ЖШС-нің екі басшысы аса ірі мөлшерде мемлекеттік қаражат ұрлағаны үшін кінәлі деп танылып, ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Ақшалай қаражатты аудару туралы құжаттарға қол қойған «Талдықорған құрылыс бөлімі» ММ басшысы аса ірі көлемді есепке алмай, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін ғана кінәлі деп танылды. Ол бір жылға бас бостандығынан айырылды.

Алматы прокуратурасының мәліметінше, мемлекетке 300 миллион теңгеден астам сомаға аса ірі мөлшерде залал келтірілген.

Сондай-ақ облыс прокуратурасының бастамасы бойынша Бас прокурор Жоғарғы сотқа кассациялық шағым енгізді, ол толық көлемде қанағаттандырылды.

Алматы облыстық сотының жаңа қарауы кезінде «Талдықорған құрылыс бөлімі» ММ бұрынғы басшысы ҚР ҚК 28-бабының 5-бөлігі, 189-бөлігі 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды (сеніп тапсырылған бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлауға жәрдемдесу).

Нәтижесінде, қылмыскер мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырыла отырып, жеті жылға сотталды.