Шымкентте жыл басынан бері 455 автокөлік айыптұраққа қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Елімізде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушыларды дер кезінде анықтау мақсатында «Қорғау – қауіпті жүргізуші» бағдарламасы іске қосылып, өз нәтижесін беріп жатыр. Осы ретте Шымкент қаласының полицейлері жаңа бағдарлама арқылы құқық бұзушылықтарды анықтап, алдын алып келеді.
Қаңтар айынан бастап «Қорғау – қауіпті жүргізуші» бағдарламасы аясында Шымкентте 21 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Оның ішінде жалған мемлекеттік нөмір тағып жүрген – 4, автокөлік терезесін күңгірттеп алған – 151, тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарған – 121 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ қозғалыстың қарсы жолағына шыққан – 23, бағдаршамның тыйым салынған түсіне (сигналына) өтіп кеткен – 133, жаяу жүргіншіге басымдық бермеген – 75, көлік құралын басқаруға құқығы жоқ 30 жүргізуші анықталды. Сондай-ақ басқару құқығынан айырылған – 7, өзге де құқық бұзушылықтар бойынша – 20 776 хаттама толтырылып, 455 автокөлік айыптұраққа қойылды.
Айта кетсек, «Қорғау – қауіпті жүргізуші» бағдарламасының көмегімен 26 тәуліктің ішінде 276-дан астам жол қозғалысы ережесін бұзған 101 жүргізуші ұсталды.
Қырғызстанда топырақ көшкіні жүріп, тұрғындар эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 14:01
ЕҰУ әлемдік рейтингте едәуір ілгеріледі
Білім • Бүгін, 13:32
Малайзияда Қазақстан теннисшілері жартылай финалға шықты
Спорт • Бүгін, 13:13
Биыл елімізде 18 мың пәтер пайдалануға берілді
Қоғам • Бүгін, 12:30
Александр Бублик Майами мастерс турнирінде жеңіліп қалды
Спорт • Бүгін, 12:12
Үндістанда пиротехника фабрикасындағы жарылыстан 8 адам көз жұмды
Әлем • Бүгін, 12:02
Ұқсас жаңалықтар