Оңтүстік Кореяның астанасында Халықаралық кеден күні мерекесіне арналған іс-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оған әртүрлі елшіліктердің 70-тен астам дипломаты, соның ішінде шетелдік дипломатиялық миссиялардың 31 басшысы қатысты.
Іс-шара барысында Корея Республикасы Кеден қызметінің комиссары Юн Тэ Шик барлық қатысушыларды халықаралық кеден күні мерекесімен құттықтап, шет елдердің кеден қызметтері арасында өзара тиімді ынтымақтастықты жолға қоюдың маңыздылығын атап өтті.
Соңында Корея кеден қызметінің басшысы Қазақстан Республикасының елшілігіне кеден қызметі саласындағы екіжақты қатынастарды дамытуға қосқан зор үлесі мен белсенді ынтымақтастығы үшін награда табыстады.
Оңтүстік Корея тарапының статистикасына сәйкес, 2022 жылы Корея Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы тауар айналымы 6,5 млрд АҚШ долларын құрады, бұл екі ел арасындағы сауда қатынастары тарихындағы рекордтық көрсеткіш.
Малайзияда Қазақстан теннисшілері жартылай финалға шықты
Спорт • Бүгін, 13:13
Биыл елімізде 18 мың пәтер пайдалануға берілді
Қоғам • Бүгін, 12:30
Александр Бублик Майами мастерс турнирінде жеңіліп қалды
Спорт • Бүгін, 12:12
Үндістанда пиротехника фабрикасындағы жарылыстан 8 адам көз жұмды
Әлем • Бүгін, 12:02
Бүгін елордада Қазақстан – Словения матчы өтеді
Спорт • Бүгін, 11:22
Банкноттарын заңсыз айырбастаған әйел Қазақстанға экстрадицияланды
Қоғам • Бүгін, 11:17
Ұқсас жаңалықтар