Елорда • 28 Қаңтар, 2023

Астаналық тұрғын ХҚКО-ның бірінен телефон ұрлады

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы ХҚКО-ның бірінен телефон ұрлаған 39 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Астаналық тұрғын ХҚКО-ның бірінен телефон ұрлады

Сарыарқа ауданының полиция басқармасына 59 жастағы ер адам хабарласып, күндізгі уақытта Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында болған кезде белгісіз біреу оның телефонын ұрлап кеткені туралы айтқан. Қызметті алу үшін кезекте тұрған ер азамат киім ілгішті байқағаны анықталды. Ол күртешесін ілгішке іліп жатқанында, басқа ілулі күртешелердің қалтасын ақтарған. Қалтадан IРhone12 телефонын аңғарған.

Адамдардың байқамай тұрғанын пайдаланып, көзі түскен затты алып, ғимараттан кетуге асыққан. Полицейлер бейнебақылау камералары арқылы жүру жолдарын зерттеп, бұрын сотталған 39 жастағы ер адамды анықтап, Астана қаласы ПД УҰИ қамауға алды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталады.