Әлем • 28 Қаңтар, 2023

Будапештте Түркі инвестициялық қорының президентіне құрмет көрсетілді

316 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Түркі инвестициялық қорының президенті  Бағдад Әміреев Будапештке 2018-2022 жылдар аралығында Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы лауазымында түркі әлеміне сіңірген еңбегі және Венгрия мен бауырлас түркі халықтары арасындағы ынтымақтастықты арттыруға қосқан елеулі үлесі үшін Венгрияның мемлекеттік Құрмет орденімен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Будапештте Түркі инвестициялық қорының президентіне құрмет көрсетілді

Бағдад Әміреев Венгрияның Премьер-министрі Виктор Орбанмен кездесуі барысында Венгрия мен түркі әлемі арасындағы түрлі салалардағы ынтымақтастық, әсіресе экономика, сауда және қаржы салаларындағы ынтымақтастық талқыланды.

Премьер-министр мен Түркі мемлекеттері  инвестициялық қоры президенті қор құрылымдарын, басымдықтарын, сондай-ақ Венгрияның осы қаржы институтына қатысуын талқылады.

Виктор Орбан мен Бағдад Әміреев сондай-ақ әлемдегі қазіргі саяси және экономикалық оқиғалардың өзекті тақырыптары бойынша пікір алмасты.

Венгрия Сыртқы істер министрі Петер Сиярто мен Түркі инвестицялық қоры  президенті Бағдад Әміреев арасындағы кездесуде тараптар Түркі инвестициялық қорын құру барысы, сондай-ақ Түркі әлеміндегі экономикалық күн тәртібіндегі басқа да мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Петер Сиярто Венгрияның Түркі инвестициялық қорының құрылымдарында белсенді рөл атқаруға дайын екенін және Қормен сауда, көлік, энергетика және басқа да салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыруға белсене кірісетінін білдірді.

Премьер-министрдің орынбасары және Қаржы министрі Михали Варга және  Бағдад Әміреев түркі мемлекеттері арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері бойынша пікір алмасты.

Бағдад Әміреев венгр басшыларымен кездесуінде Венгрияның түркі ынтымақтастығындағы аса маңызды рөліне тоқталып, Венгрияның түркі ұйымдарына мүше болуы түркі әлемінің тарихи географиясын кеңейтіп, оның халықаралық аренадағы рөлі өскенін айтты.

Түркі инвестициялық қоры түркі мемлекеттерінде құрылған алғашқы және негізгі бірлескен қаржы институты болатынын және түркі елдері арасындағы ішкі сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға жұмылдыруды мақсат ететінін мәлімдеді.