15 Маусым, 2014

Футбол. Әлем чемпионаты: Швейцария – Эквадор 2:1

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

0000-kubok-1

АСТАНА. 15 маусым. Бразилияның астанасы – Бразилиа қаласында бірінші рет ойналған бұл матчта Швейцария мен Эквадор күш сынасты. Ол 2:1 есебімен еуропалық команданың пайдасына шешілді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Қазірге дейін чемпионатта ойналған ойындардың арасында бірде-бір тең нәтиже кездескен жоқ. Осының өзі топтағы тартыстардың қатты болып жатқанын байқатады. Дегенмен, бұл кездесуде Швейцария әу бастан фаворит саналған еді. Бірақ олардың кездесу басында біршама шоқырақтап ойнағанан пайдаланнған Эквадор тізгінді қолға алды. Соның нәтижесінде олар 22-минутта Эннер Валенсия салған голдан кейін алға да шықты. Енді швейцариялықтарға шындап ойнауға тура келді. Бірақ бірінші таймда оларға есепті теңестірудің реті келмеді. Оны бұлар 48-минутта Адмир Мехмедидің күшімен жасады. Осымен бәрі біткендей көрінген. Кездесудің 90 минуты осылай аяқталды. Алайда, қосымша үшінші минутта Харис Сеферевич тағы бір гол салып, өз командасына жеңіс әперді. Дамир Қожамқұл. Дереккөз: Чемпионат.Ру. Фото: Sportbox.ru.