Әскери адам кез келген қиын жағдайда жедел әрекет етуге дағдыланған. Оны 18404 әскери бөлімінің жөндеу ротасында қызмет ететін бөлімше командирі сержант Ерік Қасымбеков те дәлелдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биылғы жылдың 18 қаңтарында сержант Ерік Қасымбеков үйде болатын. Оған өткен жексенбіде нарядта болғаны үшін демалыс күні берілген.
Үйінің кіреберісіндегі айқайды естіген ол алаңға жүгіріп шықты. Әскери қызметші көршілерінен қарт әжей тұратын пәтерде өрт болғанын естіді.
Ерік Қасымбеков ойланбастан, қызыл жалынға оранған бөлмеге кіріп кетті. Көк түтінге қарамастан, ол қарияны тез тауып алып, оны сыртқа шығарып үлгереді.
Кейін өрт сөндірушілер келіп, тілсіз жауды ауыздықтады. Зардап шеккен кейуана жедел жәрдеммен медициналық мекемеге жеткізілді. Үш баланың әкесі Ерік Қасымбеков сын сағатта абдырап қалмай, жүрегінің әмірімен әрекет ете білді.
Оның өзі бұл іс-әрекетін айта бермейді. Кез келген әскери қызметші тәрізді ол да адамдарға көмек көрсетуді Отан қорғаушының басты міндеті деп санайды.
Малайзияда Қазақстан теннисшілері жартылай финалға шықты
Спорт • Бүгін, 13:13
Биыл елімізде 18 мың пәтер пайдалануға берілді
Қоғам • Бүгін, 12:30
Александр Бублик Майами мастерс турнирінде жеңіліп қалды
Спорт • Бүгін, 12:12
Үндістанда пиротехника фабрикасындағы жарылыстан 8 адам көз жұмды
Әлем • Бүгін, 12:02
Бүгін елордада Қазақстан – Словения матчы өтеді
Спорт • Бүгін, 11:22
Банкноттарын заңсыз айырбастаған әйел Қазақстанға экстрадицияланды
Қоғам • Бүгін, 11:17
Ұқсас жаңалықтар