Шымбұлақтағы рестобардан шыққан өрт толығымен сөндірілді. Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі оқиға туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бүгін сағат 5:30-да 101 пультіне Медеу ауданындағы тауда орналасқан мейрамхана иесінен мейрамхананың ашық жалынмен жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіру техникасын биіктікке көтеру мүмкін болмағандықтан, жеке құрам функулёрмен көтерілді. Өртті сөндіру жұмыстары объектілік сумен жабдықтау арқылы жүзеге асырылды. Өрт сағат 08.05-те оқшауланып, сағат 08.30-да жойылды», делінген хабарламада.
Объективті себептерге байланысты негізгі күштер мен құралдар оттың көрші объектілерге таралуына жол бермеуге бағытталған. Қабылданған шаралардың арқасында «Шымбұлақ» ТШК гондольды жолына оттың таралуына жол берілмеді.
Өртті жою суды қарға айналдыратын қар генераторларының екі желісінен жүргізілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт аумағы 800 шаршы метрді құрады. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Өртті сөндіруге жеке құрамнан 13 адам жұмылдырылды.
Малайзияда Қазақстан теннисшілері жартылай финалға шықты
Спорт • Бүгін, 13:13
Биыл елімізде 18 мың пәтер пайдалануға берілді
Қоғам • Бүгін, 12:30
Александр Бублик Майами мастерс турнирінде жеңіліп қалды
Спорт • Бүгін, 12:12
Үндістанда пиротехника фабрикасындағы жарылыстан 8 адам көз жұмды
Әлем • Бүгін, 12:02
Бүгін елордада Қазақстан – Словения матчы өтеді
Спорт • Бүгін, 11:22
Банкноттарын заңсыз айырбастаған әйел Қазақстанға экстрадицияланды
Қоғам • Бүгін, 11:17
Ұқсас жаңалықтар