Оқиға • 30 Қаңтар, 2023

Шымкентте бала бассейнге батып кетті

625 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласында 2018 жылы туған бала бассейнде суға батып кетті. Үлкендер баланы қараусыз қалдырған, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкентте бала бассейнге батып кетті

фото: Шымкент қ. ТЖД қызметі

29 қаңтар күні сағат 17:25-те Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басқару бөліміне жедел медициналық жәрдем қызметінен 2018 жылы туған ұл баланың балалар бассейніне батып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға Тұран ауданындағы 8-шағын ауданда Үркімбаев көшесінің бойында, KASIET фитнес-клубында болған. Анықталғандай, балалар бассейнінде (тереңдігі 1 метр 20 сантиметр, ені 5 метр) шомылу кезінде ересектердің қарауынсыз қалған бала суға батып кеткен. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалды.

«Құрметті ата-аналар! Абай болыңыздар! Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар! Балаларды бассейн ішінде өздерін дұрыс ұстауға үйретіңіздер», делінген Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы таратқан хабарламада.