Теннис • 30 Қаңтар, 2023

Болат Өтемұратов Рыбакинаға қатысты пікір білдірді

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан теннис федерациясының президенті Еленаның Аустралия ашық біріншілігіндегі табысына орай өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ-ға сілтеме жасап.

Болат Өтемұратов Рыбакинаға қатысты пікір білдірді

«Мен Еленаға жоғары деңгейде өнер көрсеткені үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Бұл – елімізде теннистің табысты дамып келе жатқанының көрінісі. Australian Open финалына дейін жету – шеберлік пен тұрақтылықтың белгісі. Дода барысында Елена әлемдік рейтингінің көшбасшысы Ига Швентекті, басқа да мықтыларды тізе бүктірді. Олардың үшеуі – «Үлкен дулыға» турнирінің жеңімпазы. Еленаның түрлі төсеніштегі корттарда өзін еркін сезініп, қарсыласына байланысты тактикасын сауатты құратыны, өз ойынын үнемі жетілдіріп келе жатқаны айқын көрініп тұр. Жылдың сәтті басталуы алдағы жеңістерге жол ашады деп үміттенемін», деді Болат Өтемұратов.