Елорда • 30 Қаңтар, 2023

Астанада «Бұрқасын-2023» фестивалі өтеді

448 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл елордада жыл сайынғы «Бұрқасын-2023» қысқы фестивалі 19 ақпанда өтеді. Оған ниет білдірген кез келген адам қатыса алады, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанада «Бұрқасын-2023» фестивалі өтеді

Қысқы фестиваль аясында елордада спорттың 10 түрінен жарыстар өтеді. Атап айтқанда, шаңғы жарысы, гір тасын көтеру, қол күресі, белбеу күресі, арқан тартыс, пималы хоккей, қармен нысананы дәлдеп ату жарысы, автоспорт, мотоспорт және қысқы футбол.

Жарысқа қатысуға денсаулығы жарамды барлық тілек білдірушілер қатыса алады. Тіркеуден өту кезінде өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат болуы қажет.

Шаңғы жарысына тіркеу және бастапқы нөмірлер әр жас тобы бойынша жарыс кестесіне сәйкес 30 минут бұрын беріледі.

Әр жас тобының жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.