17 Маусым, 2014

Жаңа емханамен қуантты

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Екібастұзда тұрғындардың ауру түрлерін ерте бастан анықтайтын скринингтік зерт­теулер жүргізетін, сәуле­лік, зертханалық, жалпы клиникалық, фукционалдық және эндоскопия бойын­ша диагностикалық қызмет­тер көрсете алатын №2­ емха­на ашылды. Об­лыс­­тық денсаулық сақтау­ бас­қар­ма­сының басшысы­ Нұр­лан Қасымовтың айтуынша, елімізде қа­был­­данған ­«Са­ла­матты Қазақстан» бағ­дарлама­сы­ның аясында халықтың ден­саулығын сақтауда, емде­лушілерге сапалы меди­ци­налық көмек көрсету, саламатты өмір салтын жүргізу сияқты нақты міндеттер белгіленген. Кен­ші­лер қала­сында ашылған жаңа емхана 15 маусым дәрігерлер күні мерекесі қарсаңында жақ­сы сыйлық болды. Емде­лу­шілер де қуанышты. Зама­науи медициналық құрал-жабдықтармен жаб­дықталған жаңа емхана күніне 500 адамды қабылдай алады. Жалпы, қаланың 50 мыңдай тұрғынына қызмет көрсетеді. Барлық жағдай жасалған. Бірінші қабатта мүгедектерге арналған жеке бөлмелер және отбасы денсаулығы орталығы орналасқан. Ор­талықта пе­диатрлар, тера­певт дәрігерлер қабылдау жүргізеді. Сондай-ақ, 40 орынға арналған күндізгі стационар жүйесін құру қарастырылуда. Биыл 18 жас маман дәрігер келіпті. Емханада 67 жоғары білімді дәрігерлер, 200-ге жуық медбике, орта медицина қыз­меткерлері еңбек етуде. Өткен жылы қалалық әкімдік 49 жас дәрігерге пәтер кілт­терін табыс еткен болатын. Қала әкімі Александр Верб­няк емхана құрылысын салуға республикалық бюджеттен 1 млрд. 670 миллион теңге бөлінгенін, кеншілер қаласы тағы бір жаңа емханамен толыққанын айтып өтті. Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан. ЕКІБАСТҰЗ.