17 Маусым, 2014

Мүдделестік орайындағы әңгіме

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Берлинде ГФР басшылығының шетел дипломатиялық ведомстволары басшыларымен дәстүрлі кездесуінің шеңберінде Қазақстан елшісі Нұрлан Онжановтың Германия Канцлері Ангела Меркельмен кездесуі өтті. merkelТараптар екіжақты қарым-қа­тынастар бойынша пікір алысып, Қазақстан Республикасының Үде­мелі индустриялық-иннова­ция­лық бағдарламасын жүзеге асыру және «Батыс Еуропа – Батыс Қы­тай» халықаралық көлік дәлізін қол­­дану аясында әріптестікті те­рең­­дету мүмкіндіктерін талқы­лады. Осы орайда негізгі назар Ши­кізат, өнеркәсіп және технология салаларындағы әріптестік туралы Қазақстан-Германия үкіметаралық келісіміне, яғни экономикамыздың басым салаларында бірлескен жобаларды іске асыруға аударылуы керек екені атап көрсетілді. Әңгіме соңында ГФР үкіметінің басшысы Ангела Меркель Ел­ба­сына және Қазақстан халқына өзі­нің ізгі ниетті тілектерін жолдап, Германияның Қазақстанмен екі­жақты қарым-қатынасты дамытуға мүдделі екенін білдірді, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.