17 Маусым, 2014

Санкт-Петербургте топ жарды

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
DSC_0017Алматы облысы, Жамбыл ауданының қос түлегі Александр Нетесов пен Нұрбике Көбетай Санкт-Петербургте өткен V халықаралық «Шабыт», «Көктем» атты балалар мен жасөспірімдер фестивалінде топ жарды. Өнер байқауына 8 рес­публика және 15 облыс үміткерлері вокал, хорео­графия, театр, аспапты көркем шығармашылық түрлерінен сынға түсті. Додада Нұрбике Көбетай «Көктем вальсі» мен итальян тіліндегі «Санта-Лючия» әнін орындап арнайы Кубок пен I дәрежелі дипломды жеңіп алса, Александр Нетесов «Мелодия» және ағылшын тіліндегі «New york» әндерін нақышына келтіре шырқап, бас жүлдеге тігілген Кубокқа және I дәрежелі дипломға ие болды. Сондай-ақ, қос жеңімпаз биылғы жылдың 23-26 қазанында өтетін «Қолымнан келеді» өнер жарысына жолдама алғаны тағы бар. Ресей жерінде өткен өнерпаздар додасына жетісулық «Ақбота» би тобы және жекелеген орындаушылар да аталған жеңімпаздармен бірге барып, қатысып жүлдегер атанды. Біле-білсек бұл өнер. Міне, сол өнер қарлығаштарына дер кезінде материалдық тұрғыда демеушілік жасап, моральдық қолдау көрсеткені үшін Жамбыл ауданының әкімі Махаббат Бигелдиев үкіметаралық жоғары ғылыми кеңестің арнаулы сертификатымен марапатталды. Нұрбол ӘЛДІБАЕВ, «Егемен Қазақстан». Алматы облысы