«Болашағы жоқ ауылдар бар деп ешқашан айтқан емеспіз. Даму әлеуеті жоғары ауылдар бар, онда халық саны 90 пайызды құрайды. Даму әлеуеті төмен, халқы аз ауылдарға да «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында емес, басқа да даму бағдарламалары аясында жүргізіледі. Қаражат бірінші кезекте жергілікті бюджеттен бөлінеді, өйткені бұл да жергілікті атқарушы органдардың құзырында», деді Әлібек Қуантыров.
Ол шекаралас аймақтардағы ауылдарға да Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар тарапынан ерекше мән берілетініне уәде берді.
«Ауылдарда өте аз адамдар тұрады. Бәлкім, бұл ауылдарды тастап кеткендегі табиғи процесс болар. Бірақ шекара аймақтарында орналасқан ауылдар бар, оларға да қолдау көрсетіліп тұрады. Шекара аймақтарында орналасқан ауылдарда инфрақұрылым нығайтылады», деп қосты министр.