Тағайындау • 31 Қаңтар, 2023

Экология және табиғи ресурстар вице-министрі тағайындалды

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет қаулысымен Нұркен Қожамұратұлы Шәрбиев Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабаралайды Egemen.kz.

Экология және табиғи ресурстар вице-министрі тағайындалды

Нұркен Қожамұратұлы 1976 дүниеге келген.

Ақмола аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң инновациялық университетін бітірген.

1998-2000 жылдары «Шарбиев К.Ш.» шаруа қожалығының бас экономисі, 2000-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жетекші және бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары, департамент директоры, 2011-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры, 2012-2013 жылдары Еуразиялық экономикалық комиссияның Агроөнеркәсіп саясаты департаменті директорының орынбасары, 2013-2017 жылдары «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ың басқарушы директоры, «СХП Мерей» ЖШС-нің атқарушы директоры қызметтерін атқарған.

2017-2018 жылдары «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары болған.  2018 жылдың мамыр айынан бастап «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы болып қызмет еткен.