17 Маусым, 2014

Ақпараттар ағыны

217 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
● Биылғы жылы арнайы экономикалық аймақ­тарда 65 жоба іске асырылды. Оларда осы кезге дейін 300 млрд. теңгенің өнімі шығарылған. Кеше бұл туралы айтқан Индустрия және жаңа технологиялар министрінің орынбасары Ерлан Саға­диевтің мәліметінше, тағы 72 жо­ба аяқталуға жақын. Жал­пы, еліміз бойынша 10 арнайы экономикалық аймақ бол­са, қазір оның 6-уының ин­фра­құрылымы әзір, 4-уінің құ­ры­лысы енді басталып жатыр. ● Ақжайық өңірінде үде­­мелі индустриялық-инно­ва­циялық бағдарлама шең­берінде 36 жоба қанат қақ­ты.  Бұл туралы Оралда өт­кен Ұлттық кәсіпкерлер пала­та­сының кеңейтілген кеңе­с­інде айтылды. Онда палата төра­ға­сы Тимур Құлыбаев қалбырдағы ет өнімдерін сыртқа шығаруды жолға қойған кәсіпорынның жұмысымен танысты. ● Қарағанды облысының диқандары дизель отынның алуға арналған қаржының 400 млн. теңгеден астамын үнемдеді. Биылғы жылы кенді өңірде жазғы дақылдарға 770,6 мың гектар жер берілді, ол өткен жылғыдан 44,3 мың гектарға көп. Астықты дақылдар танаптары 699,2 мың гектарды, соның ішінде бидай – 545,6 мың гектар, сұлы 140,2 мың гектарды   құрайды. ● Оңтүстік Қазақстанда тағы бір мешіт ел игілігіне берілді. Облыстың Қасқасу ауылының тұрғындары осындай әсем ғибадат үйіне қол жеткізіп, үлкен қуанышқа бөленді. Осы жердің тумасы Бараш Төлешованың қар­жылық қолдауымен тұрғы­зылған құтхана Қазақстан мұсылмандары діни басқар­масының қарамағына берілді. ● Кеше Қызылордада каме­ралық оркестрдің тұ­сау­кесері өтті. Облыстық филармония жа­нынан құрылған бұл өнер ұжымы облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қолдауымен қатарға қосылды. Жаңа ұжымның тырнақалды концертін аймақ басшысы бастаған өнерсүйер қауым тамашалады. Оркестр әлемдік және қазақ халқының туындыларын орындады. ● Шығыс Қазақстанда екі жылдың ішінде барлық жерде цифрлы теледидар пайда болады. Бұл туралы кеше облыстың Қатонқарағай ауданындағы «Нұрбұлақ» санаториінде өткен респуб­ликалық форумда мәлім етілді. Ал жаңа жетістікке Бай­ла­ныс және ақпарат агенттігі мен облыс әкімдігі арасында жасал­ған меморандум негізінде қол жеткізілетін болады. ● Жамбыл облысы Шу ауданында көкөніс кластерін дамыту қолға алынды. Осы­ған байланысты Тасөткел магистральді ка­налының оң жағалауында бос жатқан 9 мың гектар жер игеріледі. Ал алғашқы 3 мың гектарға биыл көкөніс егілді. «ҚазАқпарат», 24KZ, Otyrar.kz, Аltaynews.kz, Egemen.kz агенттіктері мен Павлодар облысы әкімдігі сайттары деректері бойынша дайындалды.