17 Маусым, 2014

Сенат отырысының күн тәртібі қаралды

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Сенат Бюросының отырысы болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Жоғары палатаның 19 маусымда болатын кезекті отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар талқыланды. Сенаторлардың қа­рауына бірқатар халықаралық құ­жат­тарды ратификациялау ұсы­нылатын болды. Депутаттардың қарауына, сон­дай-ақ, «Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның азаматтарына, орал­мандарға және Қазақстан Респуб­ликасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғаларға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы», заңнамаға өзгерiстер мен толықтырулар ен­гiзу туралы осы құжатқа ілеспе заң жобасы (бірінші оқылым) және бірқатар заңнамалық актілерге мемлекеттік басқару мәселелері бойынша түзетулер жо­басы (бірінші оқылым) да ұсы­нылады. Бас комитеттердің төра­ға­лары Сенат отырысына заң жобалары­ның әзірлігі туралы баяндады. Бюрода, сондай-ақ, Мәжілісте ма­­­құлданған заң жобалары тұ­рақ­ты комитеттерге бөлініп берілді.