Медицина • 31 Қаңтар, 2023

Астанада 600-ден астам білікті дәрігер жетіспейді

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Үкімет басшысына осы мәселені қайта зерделеуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада 600-ден астам білікті дәрігер жетіспейді

«Ұлттық ғылыми медицина орталығы жақында жекеменшікке өтті. Онда бүйрегін ауыстырған науқастарды оңалту жұмысы тоқтатылған. Әлихан Асханұлы, ірі медициналық мекемелерді жекешелендірудің тиімділігін қайта қарайтын кез келді», деп атап өтті Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінде қалада 600-ден астам білікті дәрігер жетіспейді.

«Бұдан бөлек, медицина кадрларының тапшылығы да қиындық туғызып отыр. Қалада 600-ден астам маман жетіспейді. Денсаулық сақтау министрлігі осы мәселелерді шешу қажет. Бұл салаға білікті мамандарды тартып, олардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету керек. Жеңіс Махмұдұлы, осы мәселені жеке бақылауға алыңыз. «Елорда жастары» бағдарламасына медицина қызметкерлерін қосу мүмкіндігін қарастыру керек», деп қосты Қасым-Жомарт Тоқаев.