Оқиға • 31 Қаңтар, 2023

Ұлытауда жүргізушінің көлігінен қару мен киік еті табылды

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24 қаңтарда Қаражал қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері 43 жастағы азамат тізгіндеген көлікті тоқтатқан, деп жазады Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлытауда жүргізушінің көлігінен қару мен киік еті табылды

Көлік ішінде 39 және 43 жастағы екі азамат болған.

Көліктің жүк салғышынан 5 киіктің еті мен 16 калибрлі ИЖ-18ЕМ тегіс ұңғылы мылтығы табылды.

ҚР ҚК-нің 339-бабы «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сараптама тағайындалды.