Қазақстан • 31 Қаңтар, 2023

Жәутіков олимпиадасына әлемнің 25 елінен оқушылар келді

438 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен, 1 ақпан күні Алматыда ХІХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы басталады. Оған 1200-ден астам оқушы қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жәутіков олимпиадасына әлемнің 25 елінен оқушылар келді

Алыс және жақын шетелдерден, соның ішінде Әзербайжан, Өзбекстан, Ресей, Грузия, Румыния, Сербия, Украина, Үндістан, Түркия, Ұлыбритания және т.б. елдерден келген 281 команда математика, физика және информатика бойынша білімдерін сынайды.

Зияткерлік сайыста еліміздің намысын 250-ге жуық оқушыдан жасақталған 35 команда қорғайды.

Айта кетейік, Халықаралық Жәутіков олимпиадасына физика-математика бағытындағы мамандандырылған мектептердің оқушылары қатысады. Олимпиада қорытындысы бойынша жеке рейтинг, сондай-ақ мамандандырылған мектептердің мықты командаларының рейтингі жасалады.