Мәлімет бойынша, есірткіні заңсыз сақтау және тарату дерегі бойынша облыс орталығының 40 жастағы тұрғыны ұсталған. Күдіктінің үйін тінту барысында облыс орталығының аумағында одан әрі өткізу үшін 60 орамға салып, дайындап қойған синтетикалық есірткі табылған.
Сонымен қатар есірткі затын қолдануға арналған құрылғы анықталған. Күдікті Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
– Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Бұл бапқа сәйкес мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған, – деп атап өтті Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.