Ислам әр сабағын оқушы жүрегінде сақталатындай ерекше өткізуге тырысады. Сабақты күнтізбелік жоспардың аясында қалдырмай, оқушыларды сергітудің тың жолын тапқан. Әр күнгі сабағының видеосын ТіkTok әлеуметтік желісіне жүктейді. Оның видеоларын мыңдаған оқырман тамашалап, қызығушылық танытып жүр.
– Мақсатым – балаларға өзге тілді оңай меңгерту. Бұл үшін жан-жақты ізденіп, еркін форматта сабақ өткіземін. Оқушылармен еркін әңгімелесемін. Әлеуметтік желіні жиі қолданатын оқушыларды күнделікті жоспардағы сабақпен қызықтыру қиын. Сол себепті күн сайын сабағымды ойын форматында өткізуді қолға алдым, – дейді жаңашыл ұстаз.
Ол қазір жұртшылық жиі қолданатын ТіkTok желісін ұтымды пайдаланып отыр. Осылайша, оқушылардың білімге талпынысын оятуды көздеген. Жас ұрпақтың сапалы білім алуы үшін «Ата-ана, мектеп және мұғалім» үштігінің бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс істегенін қалайды.
Атырау облысы