АСТАНА. 17 маусым. Ханойда еліміздің Вьетнам Социалистік Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Бекетжан Жұмаханов пен Вьетнам Өнеркәсіп және сауда министрі Ву Хюи Хоанг кездесіп, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты өзара іс-қимылдар барысын талқылады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
Кездесу барысында Ву Хюи Хоанг мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ Кеден одағымен еркін сауда аймағын құру мәселесіндегі өзара байланыстардың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, ол минералдық ресурстарды өндіру мен өңдеу істерін, ВИНАКОМИН корпорациясы және қазақстандық әріптестер арасындағы қарым-қатынасты ілгерілету қажет деген пікірін жеткізді.
Ал Бекетжан Жұмаханов бүгінде 230 млн. долларға жетіп отырған екі ел арасындағы сауда айналымын одан ары арттырудың мүмкіндіктерін айта отырып, Үкіметтің елдегі инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша қабылдап жатқан шаралары жөнінде әңгімелеп берді.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: «ҚазАқпарат».
Фото: ortcom.kz.
• 17 Маусым, 2014
Қазақстан-Вьетнам ынтымақтастығын нығайтуға екі жақ та мүдделі

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше