Қазақстан • 01 Ақпан, 2023

«ҚМГ Инжиниринг» ұжымына жаңа басшы тағайындалды

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев «ҚМГ Инжиниринг» ұжымына жаңа басшыны таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«ҚМГ Инжиниринг» ұжымына жаңа басшы тағайындалды

«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС бас директоры болып Мәлік Сәлімгереев тағайындалды.

М.Сәлімгереев бұдан бұрын «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС-де сарапшы, бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары қызметін атқарып, мұнай мен газдың жаңа кен орындарын игеру, мұнай беруді ұлғайту, өндіруге қиын қорларды тарту саласындағы ҚМГ-нің стратегиялық міндеттерін іске асыруға жетекшілік етті.

Әр жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай-газ өндіру жөніндегі басқарушы директоры, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директорының еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және перспективалық даму жөніндегі орынбасары, еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және бұрғылау жөніндегі басқарушы директоры, «Самұрық-Қазына» АҚ активтерді басқару жөніндегі бас директоры қызметтерін атқарды.