АСТАНА. 17 маусым. Астанада Агроөндірістік инвестициялық форум өз жұмысын бастады. Алғаш рет ұйымдастырылып отырған аталған жиынға 150 компанияның өкілдері қатысуда. Бұлардың арасында Еуропа, Таяу шығыс мемлекеттері мен АҚШ, Ресей, Украина және өз еліміздің кәсіпорындары бар. Бұл туралы strategy2050.kz хабарлады.
Осы маңызды шараны Ауылшаруашылығы министрлігінің қолдауымен «ҚазАгро» холдингі мен британиялық Adam Smith Conferences ұйымдастырып отыр.
«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Махажанов: «Бүгінде азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі әлемдегі әрбір елдің мемлекеттік бағдарламасы мен саясатының маңызды бір бөлігіне айналып отыр. Қазіргі таңда әлемдегі адам санының арту қарқыны азық-түлік өндірісінің өсу қарқынынан бір жарым есе артық. Осы орайда күн санап тапшылық та байқалуда. Осы сынды мәселелерді шешу үшін «ҚазАгро» аталмыш форумды ұйымдастырып отыр», – деді.
Қазіргі таңда холдинг еліміздің ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту бойынша 30 трансұлттық агроөнеркәсіптік компаниялармен бірлесе жұмыс жүргізуде.
Форум 2014 жылдың 18 маусымында аяқталады.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: strategy2050.kz.
Фото: voxpopuli.kz.
• 17 Маусым, 2014
Астанада Агроөндірістік инвестициялық форум өтуде

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше